Екі қазақстандық дзюдошы Париждегі Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Абылайхан Жұбаназар мен Нұрлыхан Шархан Париждегі (Франция) Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.
81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін өткен белдесуде австриялық Бернд Фашингті тізе бүктірді.
Ал 100 келіге дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан нидерландтық Симеон Катаринамен қола жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде отандасымыз жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Grand Slam турнирін үш қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Аман Бақытжан (60 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.
Қазақстандық дзюдошы допинг дауына ілікті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или