ОИ-2026: Үшінші күн. Тікелей трансляция
Бүгін, 9 ақпанда, Италиядағы Қысқы Олимпиада ойындарының үшінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар екі дисциплина бойынша медальдар үшін бақ сынасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сағат 21:30-да әйелдер арасындағы 1000 метрге конькимен жүгіру жарысы басталады. Қазақстан сапынан Кристина Силаева, Надежда Морозова және Елизавета Голубева додаға түседі. Тікелей эфир «Хабар» телеарнасында көрсетіледі.
Ерлер арасындағы шаңғымен секіру жарысы сағат 23:00-де басталады. Илья Мизерных пен Данил Васильев Қазақстан құрамынан жарыс жолынан шығады. Тікелей эфир «Qazsport» телеарнасында көрсетіледі.
Еске сала кетейік, Милан мен Кортина-д'Ампеццо қалаларында 36 қазақстандық спортшы бақ сынайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или