Элдор Шомуродов Түркия чемпионатында сұрмергендер тізімін бастап тұр

Элдор Шомуродов Түркия чемпионатында сұрмергендер тізімін бастап тұр

«Истанбул Башакшехир» командасы мен Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродов Түркия Суперлигасында тамаша өнер көрсетіп жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше өзбекстандық шабуылшы 21-ші турда «Эйюпспорға» қарсы ойында (2-1) жеңіс голын соқты. Осылайша маусымдағы соққан гол санын 15-ке жетіп, чемпионаттағы сұрмергендер тізімін бастады. «Трабзонспордың» нигериялық шабуылшысы Пол Онуачуда да 15 гол соққан. «Фенербахченің» бразилиялық шабуылшысы Талиска 11 голмен үздік үштікте тұр.

Қазіргі уақытта «Истанбул Башакшехир» лига кестесінде 33 ұпаймен алтыншы орында тұр.


Видео. «Ливерпуль» - «Манчестер Сити» матчының үздік сәттері

«Реал Мадрид» Ла Лига матчында сенімді жеңіске жетті


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или