Қазақстандық жас хоккейшінің командасы Канада чемпионатында сәтсіз матч өткізді

Қазақстандық жас хоккейшінің командасы Канада чемпионатында сәтсіз матч өткізді

17 жастағы қазақстандық Бексұлтан Мақыш ойнайтын «Виндзор Спитфайрз» командасы Онтарио хоккей лигасының (Канада) тұрақты маусымында «Су-Сент-Мари Грейхаундз» командасына қарсы сырт алаңда ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 5-2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

«Виндзор Спитфайрз» командасының қазақстандық шабуылшысы Бексұлтан Мақыш гол соға алмады.

52 ойыннан кейін «Виндзор Спитфайрз» OHL Батыс конференциясында үшінші орында тұр.

Биылғы маусымда Бексұлтан Мақыш 52 ойында 27 ұпай (11 гол, 16 пас) жинады.

Онтарио хоккей лигасы (OHL) - Канада хоккей лигасын құрайтын үш ірі жасөспірімдер лигасының бірі.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или