«Семей» Қазақстан чемпионатының матчында ұпай жоғалтты
Жексенбі күні Қазақстан футзал чемпионатындағы көшбасшы командалардың қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ақтөбеде ұлттық чемпионатта үшінші орында тұрған жергілікті «Ақтөбе» клубы турнир көшбасшысы «Семей» командасын қабылдады.
Бір күн бұрын өткен ойында семейліктер 4:0 есебімен ұтқан еді.
«Ақтөбе» 3:1 есебімен жеңіске жетіп, кішігірім сенсация жасады.
«Семей» бірінші орында қалды. «Қайраттан» бес ұпай озып тұр (58-53). «Ақтөбе» 22 ойыннан кейін 49 ұпай жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или