Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (ATP рейтингінде 254-орында) Францияның По қаласындағы «Челленджер» турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Іріктеу кезеңінің жартылай финалында Кукушкин франциялық теннисші Робен Катримен (547-орында) кездесіп, оны қатарынан 7-6, 6-3 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылды.

Подағы турнирдің жүлде қоры 203 900 еуро. Жеңімпаз 30 460 еуро және 125 рейтингтік ұпай жинайды. Негізгі фаворит - бірінші орында тұрған бельгиялық теннисші Рафаэль Коллиньон (72-орында).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или