Қазақстан жеңіл Атлетикадан Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды
Тяньцзинь қаласында (Қытай) жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Аталған құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрамасы 7 медаль жеңіп алды.
Алина Чистякова (бессайыс), Нора Джеруто (3000 метр), Қазақстан әйелдер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада (Кристина Кондрашова, Марина Шувалова, Анна Шумило, Аделина Земс) алтын жүлде жеңіп алды.
Биіктікке секіруде ел намысын қорғаған Надежда Дубовицкая күмістен алқа тақты.
Нора Джеруто (1500 метр), Мария Ефремова (үш қарғып секіру), Қазақстан ерлер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада (Вячеслав Земс, Мәди Төкенов, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов) қола жүлдеге ие болды.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы төртінші орынға тұрақтады.
Кирилл Герасименко құрлық додасының плей-офф кезеңіне шыға алмады