— Мен үшін алаңдаған, қолдау сөздерін жазған, жекпе-жегімді көріп, жанкүйер болған әрқайсыңызға алғыс айтқым келеді. Үлкен рақмет. Бұл белбеу елге қайтып барады. Ал біз туымызды биікте желбіретіп, Әнұранымыздың шетелде де шырқалуы үшін күресуді жалғастырамыз. Қазақстан, алға! — деді Темиров.
Виктор Темиров Германияның Бад-Херсфельд қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде неміс боксшысы Доменико Арнольдпен жұдырықтасып, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осы нәтиженің арқасында қазақстандық спортшы орта салмақта WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын иеленді.
Айта кетейік, Виктор Темиров рингте «Мясник» лақап атымен өнер көрсетеді. Ал неміс жанкүйерлері оны жас кезіндегі Геннадий Головкинмен жиі салыстырады. Головкин де өз мансабының алғашқы кезеңінде Германияда өнер көрсеткен болатын.