Павлодар әуежайы тамыз айына дейін қайта жөндеуге жабылғандықтан, логистикалық қиындықтар туындап отыр. Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясы клубты басқа қаладағы резервтік стадионды таңдауға міндеттеуі мүмкін. Дереккөздердің мәліметінше, «Ертіс» басшылығы маусымның алғашқы бөлігінде үй аренасы ретінде «Астана Аренаны» қарастырып отыр. Алайда елордалық стадион қазірдің өзінде «Астана», «Жеңіс» және уақытша «Елімай» клубтарының матчтарын қабылдау үшін тіркелген.
Павлодарлық клубтың үй стадионына қатысты түпкілікті шешім федерациямен және чемпионат ұйымдастырушыларымен келіссөздерден кейін қабылданады.
Айта кетейік, өткен маусымда «Ертіс» Бірінші лигада екінші орын алып, Қазақстан Премьер-игасына жолдама алды. Павлодарлық клуб — елдің бес дүркін чемпионы, олар 1993, 1997, 1999, 2002 және 2003 жылдары чемпион атанған.
Арман Кенесов «Ақтөбеге» қайта оралды
Өзбекстандық футболшы Қазақстан чемпионатының деңгейін жоғары бағалады