Хироки Харада 2026 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойды

Хироки Харада 2026 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойды

Қазақстан Премьер-Лигасының «Ұлытау» клубы ел чемпионаты тарихындағы екінші жапон футболшысымен ресми түрде келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы орталық жартылай қорғаушы Хироки Харадамен жасалған келісім 2026 маусымының соңына дейін есептелген. Бұл ақпаратты ойыншының агенті Ярослав Зварич растады.

Хироки Харада «Нагоя Грампус» клубының түлегі саналады. Сондай-ақ ол Чукё университетінің командасында өнер көрсеткен. 2021 жылдан бері Черногория чемпионатында «Младост», «Рудар», «Отрант-Олимпик» және «Езеро» клубтарының намысын қорғады. Transfermarkt порталы футболшының трансферлік құнын 100 мың еуроға бағалап отыр.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-Лигасындағы алғашқы жапон футболшысы — сол қапталдағы шабуылшы Котаро Киши. Ол 2025 жылдың жазында «Ұлытауға» ауысып, жуырда келісімшартын 2026 жылдың соңына дейін ұзартты.

Арман Кенесов «Ақтөбеге» қайта оралды

Өзбекстандық футболшы Қазақстан чемпионатының деңгейін жоғары бағалады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или