Бас бапкер өз болашағын президент сайлауымен байланыстырып отыр

Бас бапкер өз болашағын президент сайлауымен байланыстырып отыр

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик осы маусым аяқталған соң клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл Жоан Лапорта президенттік сайлауда жеңіске жетпеген жағдайда жүзеге асуы ықтимал.

Дереккөздің мәліметінше, неміс маманы өзін Лапортаның жобасының бір бөлігі санайды және тек оның қайта сайлануы жағдайында ғана келісімшартты ұзартуға дайын. Сонымен қатар 1 шілдеге дейін жаңа келісімге қатысты ешқандай нақты қадам жасалмайтыны атап өтіледі.

«Барселонадағы» президенттік сайлау 15 наурызда өтеді, ал жаңа басшы ресми түрде 1 шілдеде қызметіне кіріседі.

Айта кетейік, президенттікке үміткерлердің бірі Виктор Фонт та сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Ханс-Дитер Фликтің команда тізгінінде қалуына мүдделі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или