25 жастағы футболшы «Ақтөбеге» елордалық «Астанадан» жалға берілді. Арман Кенесов үшін бұл клубтағы алғашқы кезең емес. Ол бұған дейін 2020–2024 жылдар аралығында «Ақтөбенің» намысын қорғаған.
Осы уақыт ішінде жартылай қорғаушы барлық турнирде 85 матч өткізіп, 12 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ «Ақтөбе» сапында Қазақстан Кубогын жеңіп алған.
Әр жылдары Арман Кенесов ресейлік «СКА-Хабаровск», қызылордалық «Қайсар», «Астана» және павлодарлық «Ертіс» клубтарында өнер көрсетті. Футболшы Қазақстан ұлттық құрамасына үміткер саналады.