Роналду «Манчестер Юнайтедке» қайта оралмайды

Роналду «Манчестер Юнайтедке» қайта оралмайды

«Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» қайта оралмайды, деп хабарлайды Prosports.kz. Манчестерлік клуб португалиялық футболшыны қайта шақыру нұсқасын мүлде қарастырып отырған жоқ.

Дереккөз мәліметінше, ең ықтимал сценарий — 41 жастағы шабуылшының мансабын лиссабондық «Спортингте» жалғастыруы. Алайда бұл трансфер клубтың қаржылық мүмкіндігіне тікелей байланысты. Сонымен қатар Роналдудың болашақтағы бағыттары ретінде МЛС пен Катар чемпионаты да аталып отыр.

Бұған дейін португалиялық футболшының «Аль-Насрдың» соңғы екі матчына қатыспағаны хабарланған. Сондай-ақ оның клуб басшылығына көңілі толмайтыны айтылуда. Негізгі себептер ретінде трансферлік саясат пен жалақы төлемдерінің кешігуі көрсетіледі.

Ақпаратқа сәйкес, Криштиану Роналду Сауд Арабиясындағы клубынан жазғы трансферлік кезеңде кетуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или