Тәжірибелі португалиялық футболшы командамен бірге дайындықты бастады
Португалиялық жартылай қорғаушы Луиш Нани Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «Ақтөбе» командасының қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
39 жастағы футболшы Португалия құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанған және Еуропаның бірқатар алпауыт клубтарында мол тәжірибе жинаған. Ол мансабында «Манчестер Юнайтед» пен «Спортинг» секілді танымал командалардың намысын қорғаған.
Қазіргі таңда «Ақтөбе» шетелдегі оқу-жаттығу жиыны аясында жаңа маусымға дайындықты жалғастырып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или