ОИ-2026: Қазақстан құрамасы 8 ақпанда екі спорт түрінде сынға түседі
8 ақпанда Қазақстан құрамасы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыстарын жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz sports24.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жарыс күнінде отандық спортшылар бірден екі спорт түрінде — шаңғы жарысы мен биатлонда бақ сынайды.
Ерлер арасындағы шаңғы скейтлонында ел намысын Амирғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков қорғайды. Жарыстың тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен 16:20-да басталады және Qazsport телеарнасында эфирге шығады.
Бұдан кейін қазақстандық биатлоншылар эстафетаға қосылады. Аралас эстафетада ұлттық құрама сапында Владислав Киреев, Асет Дюсенов, Милана Генеева және Айша Ракишева өнер көрсетеді. Тікелей эфирдің басталуы – 17:55, көрсетілімді тағы да Qazsport жүргізеді.
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 22 ақпанға дейін жалғасады. Әлемдік додада Қазақстан атынан 10 спорт түрінде 36 спортшы қатысуда. Олимпиадада барлығы 95 елден 2871 атлет өнер көрсетеді, ал турнир аясында 16 спорттық дисциплина бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстандық спортшы Олимпиададағы нәтижесі үшін қанша миллион алады?