Шабуылшы Самсон Иеде «Жеңіс» сапына ауысты

Шабуылшы Самсон Иеде «Жеңіс» сапына ауысты

«Жеңіс» футбол клубы 28 жастағы нигериялық шабуылшы Самсон Иедемен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Самсон Иеде мансабын Данияның «ФК Мидтьюлланд» клубының жастар құрамасында бастады. Кейіннен «Фремад», «Хорсенс», «Фредерисия», бельгиялық «Ломмель», украиналық «Ворскла» және сербиялық «Нови Пазар» клубтарында ойнады.

Нигериялық шабуылшы мансабында 269 матч өткізіп, 63 гол соғып, 26 нәтижелі пас берді. Transfermarkt мәліметтері бойынша, оның нарықтық құны 450 000 еуроны (263 миллион теңге) құрайды.

Астаналық команда өткен маусымда Қазақстан чемпионатында алтыншы орын алды.


«Астана» кезекті жолдастық матчын өткізді

Луиш Нани бүгін «Ақтөбе» сапына қосылады

«Ертіс» нигериялық ойыншымен келісімшартқа отырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или