Надежда Морозова Олимпиададағы нәтижесі үшін қанша миллион алады?

Надежда Морозова Олимпиададағы нәтижесі үшін қанша миллион алады?

Қазақстандық спортшы Милан мен Кортина-д'Ампеццо (Италия) қалаларында өтіп жатқан Олимпиада ойындарынағы нәтижесі үшін мемлекеттен ақшалай ынталандыру алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

3000 метрлік жарыста конькиші Надежда Морозова алтыншы орын алды. Қолданыстағы Қазақстан заңнамасына сәйкес, Олимпиадада алтыншы орын алған спортшыға 5000 АҚШ доллар (2,47 миллион теңге) көлемінде сыйақы беріледі.

Қазақстандық спортшылар алтын медаль үшін мемлекеттен 250 000 АҚШ доллар (123,3 миллион теңге), күміс медаль үшін 150 000 АҚШ доллар (74 миллион теңге) және қола медаль үшін 75 000 АҚШ доллар (37 миллион теңге) алады. Төртінші және бесінші орын алған спортшыларға да төлемдер бар: сәйкесінше 30 мың доллар (14,8 миллион теңге) және 10 мың доллар (4,9 миллион теңге).





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или