Ақтөбе тумасы Артур Манн Германиядағы бокс кешінде жеңіске жетті

Ақтөбе тумасы Артур Манн Германиядағы бокс кешінде жеңіске жетті

Германия атынан бақ сынап жүрген Қазақстан тумасы Артур Манн (23-5, 14 нокаут) Бад-Херсфельдте өткен бокс кешінде жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай жеңіл салмақтағы Артур венесуэлалық Грегори Гарсиямен (12-4-1, 10 нокаут) кездесті.

Жекпе-жек ұзаққа созылмады, Манн бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Артур мансабындағы 23-ші жеңісіне қол жеткізді. 

Артур Манн 1990 жылы 11 қазанда Ақтөбеде дүниеге келген. Кейінірек ол Германияға көшіп, кәсіби мансабын 2015 жылдың мамыр айында бастады. 2018 жылы WBO International титулын жеңіп алды.


Қазақстан құрамасы Испаниядағы турнирде сәтті өнер көрсетті

Boxam Elite-2026: Қазақстанның 11 боксшысы финалға шықты

Boxam Elite-2026: Нұрасыл Асылхан финалға жолдама алды!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или