Месси жолдастық матчта гол соғып, нәтижелі пас берді
«Интер Майами» командасының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси эквадорлық «Барселонаға» қарсы жолдастық кездесуде гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Қазақстан уақыты бойынша таңертең Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп, 2-2 есебімен тең аяқталды. Месси 31-минутта гол соғып, бірінші тайм аяғында Герман Бертерамаға пас берді.
Аргентиналық футболшы жақында «Интер Майамимен» келісімшартын 2028 жылға дейін ұзартты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или