Бокстан Қазақстан құрамасы Испанияда алты алтын медаль алды

Бокстан Қазақстан құрамасы Испанияда алты алтын медаль алды

7 ақпанда Boxam Elite-2026 халықаралық бокс турнирінің финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының он бір өкілі алтын медаль үшін бақ сынасты (екі финал өзара өтті).

Тоғыз кездесудің тек үшеуінде ғана қазақстандық боксшылар жеңіліс тапты.

Осылайша, ұлттық құрама турнирде алты алтын медаль жеңіп алды.

Чемпиондар: Санжар Ташкенбай, ағайынды Сабырхандар (Махмұд пен Төрехан), ағайынды Оралбайлар (Нұрбек пен Айбек) және Умида Садықова.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или