Қазақстандық боксшы қиын финалда мінез көрсетті

Қазақстандық боксшы қиын финалда мінез көрсетті

Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы алтын жүлделер қорын толықтыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл жолы жарыстың жеңімпазы атанған Төрехан Сабырхан командаға тағы бір жоғары награда әкелді.

Финалда World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы үндістандық Дипакпен жұдырықтасты. Жекпе-жек қазақстандық боксшы үшін сәтсіз басталды — бірінші раундта төрешілер 0:5 есебімен қарсыласын алға шығарды. Алайда одан кейін Төрехан Сабырхан тактиканы түбегейлі өзгертіп, шабуыл қарқынын арттырды және қарсыласын тұрақты қысыммен тұқырды.

Екінші және үшінші раундтар қазақстандық боксшының толық бақылауымен өтті. Қорытындысында төрешілердің бөлінген шешімімен (4:1) жеңіс Төрехан Сабырханға беріліп, ол турнирдің алтын медалін иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или