Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтынмен толықты
Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі Қазақстан құрамасы үшін тағы бір алтын медальмен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан Ұлыбритания өкілі Эллис Троубриджге қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жектің шешуші сәті екінші раундтың басында тіркелді. Қақтығыстардың бірінен кейін британдық боксшының қабағы қатты жарылып, дәрігерлер кездесуді тоқтату туралы шешім қабылдады.
Осылайша жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, жеңіс пен алтын медаль Махмуд Сабырханға бұйырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или