Қазақстандық боксшы Испаниядағы жарысты сенімді жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшы Испаниядағы жарысты сенімді жеңіспен бастады

Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Ташкенбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы алаң иесі Исмаэль Маграуи Фриаға қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында Санжар Ташкенбай бастан-ақ бастаманы өз қолына алып, жоғары қарқын ұсынды. Екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдық танытты. Төрешілер шешімі бірауыздан қазақстандық спортшының пайдасына шықты.

Финалға дейінгі жол да сенімді өтті. Жартылай финалда Санжар Ташкенбай тағы бір испандық боксшы Карлос Диаспен кездесіп, жекпе-жекті 5:0 есебімен ұтты. Осылайша ол турнир бойы қарсыластарына мүмкіндік бермей, маусымды жарқын жеңіспен бастады.

Boxam Elite-2026: Қазақстанның 11 боксшысы финалға шықты

Boxam Elite-2026: Нұрасыл Асылхан финалға жолдама алды!


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или