Турнир көшбасшысы «Ақтөбені» ұтып, арадағы айырманы ұлғайтты

Турнир көшбасшысы «Ақтөбені» ұтып, арадағы айырманы ұлғайтты

Сенбі күні футзалдан Қазақстан чемпионатында көшбасшылар қатысқан екі матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтөбеде турнир кестесінде үшінші орында тұрған жергілікті «Ақтөбе» чемпионат көшбасшысы «Семейді» қабылдады. Қонақтар ойынды толық бақылауда ұстап, алаң иелерін 0:4 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша «Ақтөбенің» қатарынан он матчқа созылған жеңіліссіз сериясы аяқталды. Ал «Семей» бұл жеңістен кейін «Қайратпен» арадағы ұпай айырмасын қайтадан сегіз ұпайға дейін жеткізді — 58 қарсы 50.

Қазіргі таңда МФК «Ақтөбенің» еншісінде 21 матчтан кейін 46 ұпай бар.

Футзалдан ел чемпионаты: «Қайрат» Шымкентте ірі жеңіске жетті

«Семей» бразилиялық аңыз ойыншымен қоштасты


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или