Астанада өткен матчта қонақтар басым түсті
Астанада Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі аясында Қазақстан мен Монако құрамалары арасындағы матч өз мәресіне жетті.
Екі күнге созылған тартысты кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Алғашқы ойында Александр Бублик қарсыласын 6:0, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңсе, одан кейін Александр Шевченко Монако өкіліне дәл осындай есеппен жол берді.
Екінші жарыс күні жұптық сында Александр Бублик пен Бейбіт Жұқаев Роман Арнеодо мен Уго Нис жұбына 7:6, 6:7, 6:7 есебімен есе жіберді.
Ал шешуші матчта команда көшбасшылары Александр Бублик пен Валантен Вашро кортқа шықты. Бұл кездесуде қазақстандық теннисші 6:7, 6:7 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Монако құрамасы жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или