Байназаров пен Рамазанов басты жекпе-жекте кездеседі
7 ақпанда Ташкент қаласында аралас жекпе-жектен MANGU 1 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіліс көрмеген өзбекстандық файтер Хотам Байназаров ресейлік Махомед Хабиб Рамазановпен күш сынасады. Қос спортшы да кәсіби мансабында әлі жеңіліп көрмеген.
Ко-мейн ивент аясында Қазақстаннан шыққан, UFC-де өнер көрсеткен Азат Мақсұм бразилиялық джиу-джитсудың no-gi ережесі бойынша UFC-дің қазіргі файтері Рамазан Темировқа қарсы белдеседі.
Жекпе-жек кешінің тікелей көрсетілімі Астана және Ташкент уақытымен 18:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или