Алматылық клуб «Шымкентті» ойсырата ұтты

Алматылық клуб «Шымкентті» ойсырата ұтты

Футзалдан Қазақстан чемпионатында сенбі күні көшбасшылар қатысатын екі матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz. Шымкентте аттас «Шымкент» клубы алматылық «Қайратты» қабылдады.

Кездесудің алғашқы 20 минутында-ақ алматылықтар айқын басымдыққа ие болды. Бірінші тайм 0:5 есебімен аяқталып, ойын соңына дейін «Қайрат» қарсыласын 2:10 нәтижесімен тас-талқан етті.

Осы жеңістен кейін «Қайрат» турнир кестесіндегі көш бастап тұрған «Семеймен» арадағы ұпай айырмасын бес ұпайға дейін қысқартты. Қазіргі таңда семейліктер 55 ұпаймен чемпионаттағы бірінші орынды сақтап тұр.

Айта кетейік, турнир көшбасшысы «Семей» бұл турда сырт алаңда МФК «Ақтөбемен» кездеседі.

«Семей» бразилиялық аңыз ойыншымен қоштаст

Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан командалар анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или