Қазақстан мен Өзбекстан жекпе-жегі ауыр нокаутпен аяқталды

Қазақстан мен Өзбекстан жекпе-жегі ауыр нокаутпен аяқталды

Ташкентте өткен Mangu Professional League 1 аралас жекпе-жек турнирінде қазақстандық файтер Ялимса Жандаулет (2-0) пен өзбекстандық Бехруз Исроилов (4-1) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, үш раундқа жоспарланғанымен, толық қашықтыққа жеткен жоқ. Екінші раундта Исроилов партерде басымдық танытып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, Бехруз Исроилов кәсіби ММА-дегі бесінші жеңісін тіркесе, Ялимса Жандаулет мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Айта кетелік, жекпе-жектің видеосын төменнен көруге болады: Видео сілтеме 




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или