Олимпиада-2026: Қазақстандықтар жарыс жолынан шығып қалды
Италияның қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының алғашқы жарысы сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасындағы шаңғы жарысынан алтын медальді швед спортшысы Фрида Карлссон жеңіп алды.( 53:45.2 көрсеткішімен) Күміс медаль шведтің тағы бір өкілі Эбба Андерссонға (+51.0) тиесілі, ал қоланы норвегиялық Хейди Венгк (+1:26.7) иемденді.
Қазақстан атынан Ксения Шалыгина мен Надежда Степашкина өнер көрсеткен, әйткенмен олар межеленген жерге жетпей, артта қалып қойғандықтан жарыс жолынан шығарылды.
Бүгін Қазақстан құрамасы Олимпиадада әйелдер арасындағы 3000 метрлік конькимен жүгіру жарысына шығады. Қатысушылар: Надежда Морозова және Елизавета Голубева.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или