Азия чемпионаты: Джеруто қоржынға алтын және қола салды

Азия чемпионаты: Джеруто қоржынға алтын және қола салды

Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетика Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алтын медальді жеңіп алған Нора Джеруто 3000 метрге жүгіру сайысында бірінші орын алды. Нәтижесі: 8:46.87. Екінші орынға Нозоми Танака (Жапония) шығып, 8:48.22 нәтиже көрсеткен, ал үшінші орында Ло Ся (Қытай) - 9:16.18.

Айта кетелік, Джеруто бұған дейін 1500 метрге жүгіруде қола медаль алған. Сондай-ақ, Алина Чистякова бірінші орынға ие болып, Қазақстан қоржынына алтын медаль әкелген еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или