Жалғас Жұмағұлов: «Бұл тек бизнес! Мен барымды саламын!»
Қазақстандық ММА файтері, жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Жалғас Жұмағұлов, Oktagon промоушенінде қандай мақсатты көздейтінін ашық айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлеуметтік желідегі жазбасында «Жако» лиганың pound-for-pound рейтингісінде бірінші орын алу бас мақсаты екенін жариялады. Қазіргі таңда бұл атақ ирландиялық ауыр салмақтағы спортшы Уилл Флёриге тиесілі, ал Жалғас екінші орында тұр.
«Саған деген жаман ойым жоқ, Уилл. Бұл тек бизнес! Мен алғашқы орын үшін келемін!» деп жазды Жұмағұлов.
Жалғас Жұмағұлов Oktagon жеңіл салмақ чемпионы. Соңғы жекпе-жегінде Давид Дворжакты нокаутпен жеңіп, титулын қорғаған.
Айта кетелік, Oktagon жоғары деңгейі мен мықты файтерлер тізімі үшін кейде «европалық UFC» деп аталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или