Нора Джеруто Қазақстан қоржынына алғашқы медаль салды

Нора Джеруто Қазақстан қоржынына алғашқы медаль салды

Қытайдың Тяньцзинь қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешенде өтетін XII Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық додаға Қазақстанның ұлттық құрамасы да қатысып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының спортшысы Нора Джеруто қола медальға қол жеткізді. Ол 1500 метрге жүгіру сайысында мәреге 4:20.04 уақыт көрсеткішімен келіп, үздік үштіктен көрінді.

Айта кетелік, Азия чемпионаты «Туаньбо» спорт орталығының жеңіл атлетика алаңында өтіп жатыр. Бұл жарыста Азияның 24 елінен келген спортшылар құрлық чемпионы атағы үшін бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или