Boxam Elite-2026: Қазақстанның 11 боксшысы финалға шықты

Boxam Elite-2026: Қазақстанның 11 боксшысы финалға шықты

Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық бокс турнирінде Қазақстан құрамасынан 11 спортшы финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Жартылай финал қорытындысы бойынша ел намысын қорғаған 17 боксшының 11-і финалға жолдама алып, алтын жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды. 

Финалға шыққан әйел боксшылар: Назерке Серік, Үмида Садыкова және Панар Сейітханқызы.

Ерлер арасында финалға Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Терехан Сабырхан, Нұрбек Оралбай, Нұрасыл Асылхан, Аман Қонысбеков, Сағындық Тоғамбай және Айбек Оралбай жолдама алды.

Ал Гузал Садыкова, Элянур Тұрғанова, Нұрзат Оңғаров, Нұрбек Мұрсал, Тимур Нұрсейітов және Азамат Бектас қола жүлдегер атанды.

Айта кетелік, финалдық жекпе-жектер бүгін Астана уақытымен 19:30-да басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или