«Олар бейтарап емес»: украиналық спортшы ресейлік атлеттерге шүйлікті
Украинаның туын көтеруші Владислав Гераскевич 2026 жылғы Олимпиада ойындарына ресейлік спортшылардың бейтарап түрде қатысуын сөз жүзінде ғана екенін жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы BBC мәлім етті.
BBC дерегіне сүйенсек, кейбір ресейлік атлеттердің Қырымда жаттығу өткізуі немесе әлеуметтік желілерде арнайы Украинаға қатысты соғыс ақпараттарын қолдап жатқаны «бейтарап спортшылар» екенін жоққа шығарады.
«Егер олар Қырымда дайындалып немесе әлеуметтік желіде соғысты қолдаса, оларды бейтарап атлет деп атау мүлде дұрыс емес. Өйткені олар бейтарап емес!» деді Гераскевич.
Айта кетелік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында 116 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Олимпиадаға Ресейден 13 спортшы қатысып, олар спорттың жеті түрінен өнер көрсетеді.