7 ақпан: Олимпиадада Қазақстан екі спорт түрінен сынға түседі
7 ақпан күні Италияның Милан қаласында Қысқы Олимпиада ойындары ресми басталды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары екі спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шаңғы жарысы:
Сенбі күні, 7 ақпанда, сағат 17:00-де әйелдер арасында шаңғы жарысы (скиатлон) өтеді. Бұл жарыста Қазақстан намысын Дарья Ряжко, Надежда Степашкина, Анна Мельник және Ксения Шалыгина қорғайды.
Конькимен жүгіру:
Ал сағат 20:00-де әйелдер арасында конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықтағы жарыс басталады. Бұл сында елімізден Елизавета Голубева мен Надежда Морозова бақ сынайды.
Жарыстар Астана уақытымен өтеді. Тікелей эфирді Qazaqstan, Qazsport, Khabar және Jibek Joly телеарналары көрсетеді.
Айта кетелік, Милан–Кортина Олимпиадасы 6-22 ақпан аралығында өтеді.