«Ертіс» нигериялық ойыншымен келісімшартқа отырды

«Ертіс» нигериялық ойыншымен келісімшартқа отырды

Павлодардың «Ертіс» командасы 25 жастағы нигериялық қорғаушы Годфри Биток Стефенмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Годфри - Gee-Lec футбол академиясының түлегі. Ол Беларусьтің «Ислочь», Польшаның «Ягеллония», Грузияның «Динамо», Венгрияның «Диошдьёр», Ресейдің «Волга» және Түркияның «Газиантеп» командаларында ойнаған. Ол «Динамо» сапында Грузия чемпионатын жеңіп алды.

Өткен маусымда ол «Газиантеп» сапында ойнады. Сондай-ақ, ол Нигерияның 17 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі құрамаларына шақырылды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или