UFC Vegas 113 турниріне қатысатын файтерлер салмақ өлшеді. Видео
8 ақпан түні Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Vegas 113 турнирінің салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде рейтингте тоғызыншы номерлі жеңіл салмақтағы файтер Марио Баутиста дивизиондағы он бірінші рейтингтегі файтер Винисиус Оливейрамен кездеседі. Баутистаның салмағы 61,46 кг, ал Оливейраның салмағы 61,68 кг болды.
Негізгі жекпе-жекте алтыншы рейтингтегі файтер Амир Альбази (56,92 кг) сегізінші рейтингтегі файтер Киодзи Хоригучимен (57,15 кг) октагонда кездеседі.
UFC Vegas 113 салмақ өлшеу нәтижелері:
Басты кард
Кештің басты жекпе-жегі, жеңіл салмақ: Марио Баутиста (61,46 кг) vs Винисиус Оливейра (61,68 кг)
Ең жеңіл салмақ: Амир Альбази (56,92 кг) vs Киоджи Хоригучи (57,15 кг)
Ауыр салмақ: Жаилтон Алмейда (109,31 кг) vs Ризван Куниев (119,74 кг)
Орта салмақ: Михал Олексейчук (84,36 кг) vs Марк-Андре Барио (83,68 кг)
Жеңіл салмақ: Жан Мацумото (61,46 кг) vs Фарид Башарат (61,68 кг)
Жартылай ауыр салмақ: Дастин Джейкоби (92,75 кг) vs Джулиус Уокер (93,44 кг)
Прелим
Жартылай орта салмақ: Алекс Мороно (77,33 кг) vs Даниил Донченко (77,33 кг)
Жартылай орта салмақ: Николай Веретенников (77,33 кг) vs Нико Прайс (77,56 кг)
Әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ: Бруна Брасил (52,61 кг) vs Кетлен Соуза (52,38 кг)
Жеңіл салмақ: Джавид Башарат (61,46 кг) vs Джанни Вазкез (63,95 кг)
Әйелдер арасындағы жеңіл салмақ: Ванг Конг (57,83 кг) vs Эдуарда Моура (57,6 кг)
Жеңіл салмақ: Муин Гафуров (63,95 кг) vs Якуб Виклаж (61,46 кг)
Әйелдер арасындағы жеңіл салмақ: Клаудия Сигула (61,46 кг) vs Присцила Качоэйра (61,46 кг).
Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебюті алдында допинг тексеруден өтті