Аян Тұрсын дебюттік жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Аян Тұрсын дебюттік жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Қазақстандық файтер Аян Тұрсын (8-2) америкалық промоушендегі мансабын сәтсіз бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Филадельфиядағы Cage Fury Fighting Championships 150 турнирінде ол бос тұрған жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін бақ сынасты.

Отандасымыздың қарсыласы жапониялық мықты файтер Ариса Мацуда (8-0) болды. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын. Бірінші раундта жапониялық файтер жеңіске жетті.

Осылайша, Ариса Мацуда кәсіби MMA-дағы сегізінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, Cage Fury FC чемпионы атанды, ал Аян Тұрсын мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Айта кетейік, бұл Тұрсынның америкалық промоушендегі дебюттік жекпе-жегі болды.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или