Александр Бублик Дэвис Кубогындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Тікелей трансляция
Бүгін, 7 ақпанда Астанада Қазақстан мен Монако Дэвис Кубогы аясында маңызды матч өткізеді. Біздің команданың көшбасшысы Александр Бублик (№10 ATP) Монаконың №1 ракеткасы Валентен Вашероға (№31 ATP) қарсы шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл матч Бублик үшін өте маңызды: өткен жылдың қазан айында Вашеро Шанхайдағы «Мастерс» турнирінде қазақстандықты сенсациялық түрде жеңген болатын. Бүгін Александрдың өз алаңында есесін қайтару мүмкіндігі бар. Кездесу жұптық сын аяқталғаннан кейін бірден басталады.
Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақыты бойынша сағат 15:30-да басталады және оны осы сілтеме арқылы көруге болады.
Тунис турнирі: Әмір Омарханов ширек финалға өтті
Қазақстандық теннисші: «Физикалық тұрғыдан тым әлсізбін»
Қазақстан мен Монако құрамалары Дэвис кубогында кіммен ойнайтынын білді