Махмұт Сабырхан Испаниядағы турнирде айқын жеңіске жетті!
Атақты қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде финалға шығу үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сабырхан үндістандық Сингх Манденгбан Джадуманимен кездесіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) жеңіс қазақстандық боксшыға беріліп, ол турнир финалына жолдама алды. Ал үндістандық спортшы қола медальмен шектелді.
Махмұт Сабырхан World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы, IBA нұсқасы бойынша 2023 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ 2024 жылғы Азия біріншілігінің алтын жүлдегері.
Айта кетелік, Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі 7 ақпанда аяқталады.