Украин боксшысын жеңген қазақстандық финалға жолдама алды

Украин боксшысын жеңген қазақстандық финалға жолдама алды

Қазақстандық боксшы Нұрасыл Асылхан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде жартылай финалдық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

90 келіден жоғары салмақтағы Асылхан украиналық Дмитро Ловчинскиймен жұдырықтасты. Жекпе-жек соңында төрешілердің 4:1 есебімен шешім қабылданып, жеңіс Қазақстандық боксшыға берілді, ал Ловчинский қола медальға қол жеткізді.

Нұрасыл Асылхан бұған дейін 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында қола медаль иеленген болатын.

Бұл турнир Қазақстан ерлер құрамасы үшін жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың алғашқы ресми жарысы болып отыр. Ол бұл лауазымға Қайрат Сатжановтың кетуімен ие болған еді. 

Айта кетелік, аталмыш Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі Ла-Нусияда 7 ақпанда аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или