Әлем кубогы: Қазақстандық семсерлесуші алтын алды

Әлем кубогы: Қазақстандық семсерлесуші алтын алды

Қазақстанның семсерлесу құрамасының өкілі Руслан Құрбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем Кубогының кезеңінде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Құрбанов 1/32 финалда командасының әріптесі Эльмир Алимжановты 15:14 есебімен жеңді. Одан кейін ол Венгрия өкілі Давид Наги (15:13) және Жапония өкілі Акира Комата (15:11) қарсыластарын артқа тастады.

Төрттен бір финалда Құрбанов тағы бір қазақстандық, Никита Жулинскийді 12:11 есебімен жеңіп, ал финалға шығу жолында Нидерланды өкілі Тристан Тюленді 15:9 есебімен жеңді.

Айта кетелік, алтын медальді ол Италия өкілі Давиде Ди Веролиді 15:14 есебімен жеңу арқылы алды.






Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или