Артық тамақтануды қалай тоқтатуға болады?
Артық тамақтану миллиондаған адам бетпе-бет келетін мәселенің бірі. Көп жағдайда артық тамақтану әдеттердің, күйзелістің, күн тәртібінің және ағзаға күн сайын берілетін қате сигналдардың нәтижесінен туатын қадет, деп хабарлайды Prosports.kz.
Артық тамақ ішу әрдайым тәртіптің жоқтығымен немесе зиянды тағамға әуестікпен байланысты емес. Тұрақты өзгеріске орнату үшін алғашқы қадамды мәселенің түп-тамырын іздеуден, түсінуден бастау қажет.
Көпшіліктің ойынша, артық жеу нағыз аштықтан болады. Алайда бұл сирек кездеседі. Негізгі себептер әлдеқайда тереңде:
- Эмоциялық күйзеліс — тамақ стресс, уайым немесе шаршаумен күресудің құралына айналады;
- Тұрақсыз тамақтану — ас ішудің арасындағы ұзақ үзілістер кейін артық жеуге әкеледі;
- Ұйқының жетіспеуі — тәбетті реттейтін гормондардың жұмысы бұзылады;
- «Бәрін тауысып жеу» әдеті — бала кезден қалыптасқан, ағзаның нақты қажетін ескермейтін дағды;
Өзіңіздегі мәселенің түп-тамырын ұғу- өзіңізбен күресуді тоқтатып, жүйелі жоспар құруға көмектеседі. Қатаң шектеуден гөрі тұрақтылық маңызды. Ең жиі жіберілетін қателік - калорияны күрт азайту немесе «тыйым салынған» өнімдерден толық бас тарту. Бұл көбіне кері нәтиже береді.
Шын мәнінде көмектесетін тәсілдер:
- күніне 3–4 рет тамақтану;
- қажет кезде ғана, саналы түрде тіскебасар жеу;
- ұзақ уақыт аш жүрмеу;
- Ағза тамақтың тұрақты болатынын «білсе», қор жинауға тырыспайды.;
Тойыну сигналы миға 15–20 минуттан кейін жетеді. Ал асығыс жеу қажеттен көп тамақ жеуге себеп болады.
Ұйқы мен стресс - тәбетті бақылаудағы жасырын жаулар
Ұйқының аздығы аштық гормонының артуына, ал тоқтық гормонының төмендеуіне әкеледі. Соның салдарынан тәтті мен майлы тағамға құмарлық күшейеді.
Егер артық жеу жиі қайталанса, мынаған мән беріңіз:
- ұйқының сапасы мен ұзақтығы
- күндізгі стресс деңгейі
- эмоцияны «тамақпен басу» әдеті
Тыйым салу жұмыс істемейді
Сүйікті тағамдардан толық бас тарту — сәтсіздікке ұрындырады. Ең тиімді жол — оларды саналы түрде рационға қосу.
- «болмайды» емес — «кейде және орынды кезде»;
- «бұзылдым» емес — тамақтанудың бір бөлігі;
- кінә сезімі емес — себепті талдау;
Айта кетелік, артық салмақ тастау да ең бастысы-ағзаңызды түсіну және оның сигналдарын құрметтеу.