«Шара Буллет» Хабибті ММА тарихындағы үздік файтер деп атады
UFC-дің орта салмақтағы ресейлік жауынгері Шарабутдин Магомедов (Шара Буллет) ММА тарихындағы ең үздік бес спортшының есімін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Магомед Исмаиловқа берген сұхбатында Шара Буллет өзінің тізіміне келесі файтерлерді енгізген: Федор Емельяненко, Хабиб Нурмагомедов, Джон Джонс, Дэн Хендерсон және Маурисио Руа.
Шарабутдин Магомедов соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың шілде айында Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде өткізді. Ол кездесуде Марк-Андре Баррионы төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.
Айта кетелік, қазіргі таңда Магомедовтың кәсіби ММА-да 16 жеңіс, 1 жеңілісі бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или