ВАДА-ға ресейлік бапкердің Олимпиада да жүргені ұнамады

ВАДА-ға ресейлік бапкердің Олимпиада да жүргені ұнамады

Ресейдің танымал жаттықтырушысы Этери Тутберидзенің Ақ Ойында жүргені Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің (ВАДА) президенті Витольд Банькаға жақпады. Ол соған қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін ВАДА басшысы Миланда (Италия) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы Этери Тутберидзенің жүруінен өзін жайсыз сезінетінін айтқан еді.

«Олар ақылынан адасты ма? Әлде мүлде есінен айырылды ма? Мұндай сөз айтуға оған кім рұқсат берді? Ұнай ма, ұнамай ма бұл оның жеке пікірі. Ұнамайтын жерде үндемей-ақ қойсын. Тутберидзе әлемдегі бірінші нөмірлі жаттықтырушы. Оларға оның Олимпиадада жүргені жақпайды екен. Ал өздерінің кім екенін, қандай нәтижеге жеткенін ешқайсы ескермейді. Оларға не айтуға болатынын, не айтуға болмайтынын түсінетін уақыт жетті емес пе?!»  деді Тарасова. 

Ресей атынан әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда Аделия Петросян өнер көрсетеді. Ол Тутберидзенің шәкірті. Ерлер арасындағы жекелей сында көрші ел намысын Петр Гуменник қорғайды.

Айта кетелік, Этери Тутберидзе Олимпиада алаңында Грузия құрамасының бапкері ретінде жүр.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или