«Қайсардың» қаржылық дауы ФИФА-ға жетті

«Қайсардың» қаржылық дауы ФИФА-ға жетті

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубының ойыншылар, бапкерлер және қызметкерлер алдындағы қарызы шамамен 160 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың жаңа басшылығы жалақы бойынша қарызды өтеуден бас тартып отыр. Соның салдарынан шамамен 100-ге жуық қызметкер сот қызметіне және Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) шағым түсіруге ниетті. Арыз жазатындардың қатарында клубтың бұрынғы және қазіргі ойыншылары да бар.

Сонымен қатар, «Қайсардың» түрлі қызмет көрсетуші ұйымдарға да 114 миллион теңгеге жуық қарызы бар екені белгілі болды.

Ал футбол орталығының бапкерлеріне келсек, олар өткен жылдың соңында мәжбүрлі түрде мерзімсіз демалысқа жіберілген. Қайтадан штатқа қабылдау биылғы 2 ақпаннан бастап жүзеге асырылады деп жоспарланған.

Айта кетелік, қаржылық қиындықтарға қарамастан, клуб қымбат легионер саналатын, «Челси» мен «Ливерпуль» сапында ойнаған Виктор Мозесті қатарға қосты. 





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или