Қазақстандық боксшы Испаниядағы халықаралық турнирде финалға шыға алмады

Қазақстандық боксшы Испаниядағы халықаралық турнирде финалға шыға алмады

Қазақстандық боксшы Елянур Тұрғанова Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан «Boxam Elite-2026» халықаралық турнирінде жартылай финалдық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елянур Тұрғанова алаң иесі  испаниялық Марта Лопес дель Арбольмен жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) испаниялық боксшы жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Осылайша, қазақстандық спортшы турнирді қола жүлдемен аяқтады.Елянур Тұрғанова бұған дейін 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында да қола медаль иеленген болатын.

Айта кетелік, Ла-Нусиядағы турнирге Қазақстан әйелдер құрамасынан 14 боксшы қатысып жатыр. Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі 7 ақпанда аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или