Олимпиада-2026 билеттері бағасын қалта көтермейді

Олимпиада-2026 билеттері бағасын қалта көтермейді

Италияда өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының билеттері тым қымбатқа соғып тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.Бұл туралы 24kz_sport мәлім етті

Журналист Аслан Қаженовтың сөзіне сүйенсек, Олимпиада билеттерінің бағасы 260 еуродан 2000 еуроға дейін жетеді. Ұлттық валютаға шаққанда, ең қымбат билеттердің құны шамамен 1 миллион 200 мың теңгені құрайды.

«Билеттердің бағасы өте жоғары. Сондықтан ұйымдастырушылар бұл бағаға сай әсерлі әрі ауқымды шоу ұсынады деп үміттенеміз. Сонымен қатар, Олимпиадаға Миланнан бөлек төрт көршілес қала қатысады. Ол өңірлерде де түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, Олимпиада алауы жағылатын болады» деді Аслан Қаженов.

Айта кетелік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Ал Паралимпиада ойындары 6–15 наурыз күндері ұйымдастырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или