Азия чемпионаты: Алина Чистякова ел қоржынына алғашқы алтын медальді сыйлады
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Алина Чистякова Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз бессайыстан үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 4181 ұпай жинады.
Күміс жүлдені қытайлық Сюй Цзяхуань (4091 ұпай) иеленсе, тағы бір Қытай спортшысы У Чжэн 4013 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Нора Джеруто қола жүлдеге ие болған еді.
Қазақстандық атлет Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионы атанды
Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды
Дереккөз: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или