Қысқы Олимпиада-2026: Қазақстанның көк байрағы атлетикалық қалашықта желбіреді

Қысқы Олимпиада-2026: Қазақстанның көк байрағы атлетикалық қалашықта желбіреді

Қазақстанның көк байрағы Миландағы қысқы Олимпиада ойындарына арналған атлетикалық қалашықта желбіреді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта, қазақстандық спортшылар Милан қаласы және Ливиньо қар саябағы аумағында орналасқан атлеттер қалашығына жайғасып, Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр.

Айта кетерлігі, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары үшін ұйымдастырушылар Милан, Кортина, Бормио, Ливиньо, Предазо және Анттесельва қалаларында алты атлеттер қалашығын құрды.

Милан қаласындағы атлеттер қалашығы қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан, ол 1500-ден астам спортшы мен қызметкерлерді қабылдай алады. Ойындардан кейін қалашық заманауи студенттер жатақханасына айналады.

Милан қаласында 11 қазақстандық спортшы шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау жарысында өнер көрсетеді. Ал Ливиньо қар саябағында отандастарымыз фристайл-могул және фристайл-акроботика спортынан жарыс жолына шығады.

Жатақханалар мен мейрамханалардан басқа, атлеттер қалашығында фитнес орталығы, қалпына келтіру аймағы, кәдесый дүкені, ортақ кеңістіктер және демеушілерге арналған көрме алаңдары бар.

Сонымен қатар, онда макияж, киберспорт және төсбелгі алмасу сияқты тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Еске салсақ, Бүгін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады.

Байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасынан 36 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасының орташа жасы – 25 жас. Ең жас спортшы – фристайл-акробатикадан сынға түсетін 16 жастағы Асан Асылхан. Ал ең тәжірибелі спортшы – шорт-трекші 33 жастағы Абзал Әжғалиев. Құрамадағы ең атақты спортшы – фристайл-могулдан бақ сынайтын Юлия Галышева.

Қазақстан қатысатын Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты. Тікелей трансляция

Қысқы Олимпиадада: Қазақстандық спортшылардың күнтізбесі жарияланды

2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Қазақстанда өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или